Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


ҚАЗАҚ-НЕМІС ТІЛДЕРІНДЕГІ «УАҚЫТ» ТАНЫМЫ
(THE IDEA OF TIME IN GERMAN AND KAZAKH LANGUAGES )

Author : Zhetpısbay Aliya KOZHAMRATOVNA  & Bakhytgul MOLDAGALI & Sarıbayeva Bayan JUMASHEVNA & Esthetı MANAR  
Type :
Printing Year : 2017
Number : 3
Page : 23-26
    


Summary

Мақалада тіл біліміндегі «уақыт» түсінігіне теориялық негіздеме беріледі, соның ішінде қазақ және неміс тілдеріндегі аталмыш мәселенің тілдік табиғаты салыстырылып қарастырылады. Отандық және шетелдік ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, уақыттың қазақ және неміс тілдеріндегі танымдық сипаты фразеологиялық бірліктер арқылы берілді. Қазақ тіл біліміндегі уақыттың танымы «Күлтегін» жырынан мысал келтіріліп, Қытай мен Монғолиядағы қазақ ағайындарының ұғымынша аптаның алғашқы бес күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма) жұмыс күні, аптаның алтыншы күні (сенбі) жартылай жұмыс күні (жарты азат), аптаның жетінші күні (жексенбі) толық демалыс күні (бүтін азат) деп атайды. Сондай-ақ, аптаның әр күніндерін: бірінші күн, екінші күн, үшінші күн, төртінші күн, бесінші күн, алтыншы күн, жетінші күн деп рет санмен атауы, айлардың да бірінші ай, екінші ай т.с.с. деуі уақыттың көне баба түрік дәстүрінің жалғастығынан бастау алған деп тұжырымдалды. Қазақ танымындағы күн санау «Алланың күнінің бәрі сәтті» деп бекер айтпаса керек, әр күн адамзат баласы үшін өз мән-маңызыдылығы мысалдар арқылы берілді. «Бүгінгі істі ертеңге қалдырма», «еріншектің ертеңі таусылмайды», «ертең де күн бар», «түстік өмірің болса, кештік мал жина», «таңғы ас тәңірден», «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», «арсызға алты күн мейрам», «шөлмек мың күн сынбайды, бір күн сынады», «әр нәрсе өз уақытында жақсы», «жапа шегіп жай жату, жасқаншақтың белгісі, Ерте жатып кеш тұру, еріншектің белгісі», «ештен кеш жақсы» деген қағидамен өмір сүрген ұлтымыздың уақыт құндылығы жайлы түсінігі танылмақ. Неміс халықтарының танымында уақытты метофоралық модельдер арқылы топтастырлып берілді. «Уақыт –қозғалыс», «уақыт сапа» деп тілдік фразеологиялық бірліктер қос тілде қатар қарастырлыды. Тілдік деректерге сүйенсек, уақыт концептісінің қазақ және неміс тілдерінен маңызды орын алатындығын аңғару қиын емес. Қос халықтың көп заманнан бері сақталып келген рухани мұрасы уақыт танымымен тығыз байланысты.



Keywords
ҚАЗАҚ-НЕМІС ТІЛДЕРІНДЕГІ

Abstract

The article gives a theoretical justification for the concept of "time" in linguistics, including the linguistic nature of the problem of time in the Kazakh and German languages. Based on the opinions of domestic and foreign scientists, the cognitive character of time in the Kazakh and German languages may be found in phraseological units. Knowledge of time in Kazakh language is foundin the example of "Kultegin" by the words of the Kazakh brothers in China and Mongolia during the first five days of the week (Monday, Tuesday, Wednesday, Thursday, Friday) weekday, sixth day (Saturday) half-day (half-year) on the seventh day of the week (Sunday), which is called a full day off (full release). Also, it is possible to specify the days of the week: the first day, the second day, the third day, the fourth day, the fifth day, the sixth day, the seventh day, the first day, the second month, the first month, the second month. These concepts were originally derived as a continuation from the ancient Turkish tradition of the time. Counting,according tothe Kazakhs, is not to say "All the day of God is good", every day is given through its examples of importance to humanity. "Do not leave today's job tomorrow", "The lips will not be exhausted", "Tomorrow is the sun", "If you have a dream life", "Breakfast is good", "A six-day holiday for a ridiculous person", "a bottle of noise for a thousand days, a day's break", "Everything is good at its best", "Lying down, lying on a bed, is the principle value of time by which our nation lives.”In the knowledge of the German people, time was grouped by metaphorical models. Linguistic phraseological units were interpreted in two languages as "time" and "time quality". According to linguistic data, it is not difficult to understand that the concept of time is an important part of the Kazakh and German languages. The spiritual heritage of the two peoples since ancient times is closely related to time.



Keywords
GERMAN AND KAZAKH LANGUAGES

Advanced Search


Announcements


Address :Sağlık 1 Sokak, Kader Apt. No45/10, Çankaya/ANKARA
Telephone :+905525600591 Fax :
Email :atlasjournaleditor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri