Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ШЕШЕНДІК - ТҮРКІ ӘЛЕМІНЕ ТӘН ҚҰНДЫЛЫҚ КӨЗІ

Бүгінде қазақ халқының ұлттық шешендік өнерінің тарихы Түркі қағанаты, қараханидтер, қыпшақтар мемлекеттері дәуірінен бастау алары, VI-IX ғ.ғ. түркі тілдес халықтарға ортақ саналатын Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк сияқты қашалып жазылған жыраулардан бері таратылары мәлім. Бұл орайда Ж.Баласағұнидің «Құтадғу білік», М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ат түрік», Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет», А.Игүнекидің «Ғибатул Хама» сынды көптеген еңбектерінің өркениет әлеміндегі орны ерекше. Сондай-ақ, туындыгері беймәлім «Кодекс Куманикс» (XIII-XV ғ.ғ.), «Оғызнаме» жырлары, кейінгі кезеңде жазылған қазақтың тарихшылары Хайдар Дулати («Тарихи Рашиди»), Қадырғали Жалайри («Жамиғ-ат-Тауарих»), Захариден Бабырдың («Бабырнаме») еңбектері тарихи әдеби-көркем шежірелер ретінде жазылғаны ақиқат. Бұған жалғас бес ғасырға (XV-XIX ғ.ғ.) созылған қазақтың көркем әдебиетіндегі шешен-билерді (Майқы, Кетбұға, Асан қайғы, Жиренше, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Сырым) түгел түптеп білу, мұраларына үңілу, керегінше пайдалану да жас шешенге қажетті қағида. Шешендік өнердің туып, қалыптасуы қоғамның пайда болуымен байланыстылығы туралы пікірді қазақ шешендік өнерінің даму тарихы да дәлелдейді [1,60]. Тарихи аңыз-әңгімелерге, кейбір жазба деректерге қарағанда қазақтың шешендік өнері алғашқы хандықтарды құрысқан Майқы би, Аяз билермен (XII-XIII ғ.ғ.), Асан қайғы, Жиренше шешендермен (XIV-XVI ғ.ғ.) тығыз байланысты. Ал, хандықтың нығайған кезінде, яғни Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Сырым батыр өмір сүрген замандарда (XVII-XVIII ғ.ғ.) шешендік өнер өзінің даму дәуіріне жеткен. Демек, қазақ халқының зор мақтаныш боларлық мәдени бай мұраларының мол саласы - әдебиет мұрасы.



Keywords
Құнды көздер, түрік әлемі

References

Advanced Search


Announcements

    20 KASIM 2021 de yayınlanacak olan sayımız için makale yükleyebilirsiniz


Address :Sağlık 1 Sokak, Kader Apt. No45/10, Çankaya/ANKARA
Telephone :+905531627010 Fax :
Email :atlasjournaleditor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri