Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


АБАЙ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕГІ «КӨЛЕҢКЕ» АРХЕТИПІ

Көлеңке – адамдар мен жан-жануарлардың, қоршаған ортадағы пішіні бар кез-келген заттар мен нәрселердің жарық түскен кездегі күңгірт, көмескі сұлбасы. Көлеңкенің өзіне тән формасы бар. Бірақ сұлбаның пішіні уақыт қозғалысына қарай өзгеріп отырады. Сондықтан өнер дүниесінде, көркем әдебиетте, психология және жаратылыстану ғылымында көлеңкенің өзіндік философиялық мәні бар. Ал әдебиетте көлеңкенің аллегориялық, метафоралық және ауыспалы мағыналары жеткілікті. Сондай-ақ адам санасында «көлеңке» архетипі әр түрлі образға ие. Көлеңке өмірдегі нәрселердің, оның ішінде адамдардың да күн түспейтін жағындағы көмескі сұлбасы болғандықтан, шындықтан алыстау, жұмбақ, құпия жақтарымен қатар, тұрлаусыздық пен тұрақсыздықтың символы ретінде де ұғым қалыптасқан. Күнді бұлт басқанда көлеңке де жоғалады. Абай бұл туралы: «Жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» дейді. Көлеңке күн батып бара жатқанда ұзарады. Көркем әдебиетте адам өмірінің қартайған шағын ұзарған көлеңке деп метафоралық ұғымда бейнелейді. Оған дәлел ретінде Абайдың «Көлеңке басын ұзартып» өлеңін алуға болады.



Keywords
Көлеңке архетипі, адам өлімі

References

Advanced Search


Announcements

    20 KASIM 2021 de yayınlanacak olan sayımız için makale yükleyebilirsiniz


Address :Sağlık 1 Sokak, Kader Apt. No45/10, Çankaya/ANKARA
Telephone :+905531627010 Fax :
Email :atlasjournaleditor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri