Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


КӨНЕЛЕНГЕН СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН СӨЗДЕР

Септік категориясы есімдердің жалпы грамматикалық категориялар ішінде маңызды рөл атқарады және тілдің грамматикалық құрылымын зерттеуде басты мәселенің қатарынан орын алады. Өйткені бұл категория – сөйлемде сөздерді байланыстыратын негізгі грамматикалық көрсеткіш. Сонымен қатар септік тұлғалы сөздер синтагматикалық тұрғыдан көбіне етістікпен байланысатындықтан, тілдік қатынастың оларсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Септік категориясын лингвистер әр қырынан қарастыруда. Септік жалғаулары морфологиялық, синтаксистік және мағыналық тұрғыдан зерттелініп келеді. Септік жалғауларын синтаксистік қызметі мен семантикалық қызметіне қарай ғалымдар екі топқа бөліп қарастырғаны белгілі: грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс, ал көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс септіктерін және қазақ тіліндегі көмектес септігін жатқызады. Септіктерді бұлай топтау олардың сөйлеудегі қызметтеріне байланысты. Грамматикалық септіктерде семантикаға қарағанда грамматикалық жағы, яғни синтаксистік қызметі басым түссе, көлемдік септіктерде семантикалық мәні басым келеді. Грамматикалық септіктер адвербиалдық мәнге ие болмайды, ал көлемдік септіктер адвербиалдық мәнге ие болады. Қазақ тілінде септіктер жүйесін құрайтын септік тұлғаларының ішінде сөз бен сөзді байланыстырмайтын, сөздерді түрлендірмейтін, септік парадигмасынан қол үзген көнеленген септік тұлғалары бар. Бұл тұлғалар сыртқы формасы жағынан септік жалғауларына ұқсас болғанымен атқарар қызметі мен мағыналық қатынасы өзгеше. Септік жүйесіндегі барлық септік көрсеткіштері септік парадигмасынан қол үзіп, сөз байланыстыру қызметінен ауытқымайды. Тек көлемдік септіктер – барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері бұрынғы қызметінен ауытқып, жаңа қызметті иеленеді. Алайда бұл құбылыс тілдің ішкі және сыртқы факторлары әсер ететін, ұзақ, тарихи процесс болып табылады. Тілдегі қосымшалардың көнеру әрекетін ғалымдар лексикалану құбылысымен байланысты қарастырады. Қосымшалар ішінде септік жалғауларының көнеленуі де лексикалану әрекетінің бір тәсілі болып табылады Септік жалғаулары сөздердің түрлену жүйесіне енеді. Олар тек сөз бен сөзді байланыстырып, сөздердің (есімдердің) түрлі грамматикалық мағыналарын білдіреді. Алайда септік тұлғалары сөзге жалғанып, грамматикалық мағынада жұмсалмай, жаңа лексикалық бірлік құрайды. Қазақ тілінде тек септік жалғаулары ғана емес, сонымен бірге тәуелдік жалғаулары, көптік жалғаулары, етістіктің кейбір жұрнақтары да грамматикалық мағыналармен қатар, лексикалық мағынаны білдіре алады. Сөз түрлендіруші форманың сөз тудырушы формаға ауысуы лексикализация процесімен тығыз байланысты. Лексикализация процесі барысында грамматикалық форма түбірмен кіріге отырып, өздерінің бір септіктен екінші септікке ауыса алу қабілетінен айрылады, соның негізінде грамматикалық мағынасы көмескіленеді, сонымен бірге морфологиялық категория жүйесінен оқшауланады да жаңа лексикалық тұлға қалыптасады. Бойына сөз тудырушылық қасиетті иеленген септік жалғаулары көнелене отырып, өзінің жалғастырушылық қызметінен, грамматикалық мағынасынан қол үзе келіп түбірмен кірігіп кетеді. Оқшауланған септік тұлғалы сөздер (сөз таптары) сөйлем ішіндегі байланыстыру қызметінен де алшақтап, синтаксистік тұрғыдан етістікпен байланысы артқан. Көнеленген септік жалғаулы лексикалық тұлғалардың лексикалық және грамматикалық мағыналары өзгеріп жаңа мағынаны иеленеді, бұл туынды сөздің синтаксистік қызметіне де өз әсерін тигізеді. Септік жалғаулы сөздердің көнеленуі негізінде жаңа лексикалық тұлғаға ауысу процесі синтаксистік деңгейде өтеді.



Keywords
Сөздер, ескі істердің аяқталуы

References

Advanced Search


Announcements


Address :Sağlık 1 Sokak, Kader Apt. No45/10, Çankaya/ANKARA
Telephone :+905525600591 Fax :
Email :atlasjournaleditor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri