Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ТАУЛЫҚ ФЛОМИС (PHLOMOIDES OREOPHILA KAR. ET KIR) ӨСІМДІГІНІҢ ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Қазіргі таңда әртүрлі өсімдік бірлестіктерінде, сондай – ақ, орманды, далалы және шалғынды тіршілік ету ортасында өсетін өсімдіктердің онтогенезі мен жастық құрылымдарының өзгерісі жөнінде зерттеулер кеңінен таралған. Көптеген европалық өсімдік түрлерінің жастық ерекшеліктерін анықтау популяциялық – онтогенетикалық зерттеулердің негізгі түсініктері мен қағидаларының қалыптасу заңдылықтарын айқындап берді [1,2]. Соңғы кездері өсімдіктер популяциясының жастық кезеңдері мен құрылымдары жөнінде мәліметтер көптеп жинақталуда, алайда мұндай мәліметтер көбінесе жазық аймақта тіршілік ететін өсімдіктерге тән. Биіктаулық өсімдіктердің онтогенезі мен популяцияларының жастық құрылымы жөнінде мағұлматтар жоқ болғандақтан, Солтүстік Тянь – Шанның биіктаулық өсімдік түрлерінің онтогенезін зерттеу ботаника саласының өзекті теориялық мақсаттарының бірі боп есептеледі. Онтогенездің жеке фазаларын зерттеу барысында өсімдіктің тіршілік формаларының өзгеріске ұшырайтындығы, яғни өсімдіктің моноподиальды даму нәтижесінде жертаған өсу формасы қалыптасатындығы әдеби шолулардан белгілі [3,4]. Ерінгүлділер тұқымдасы (Lamiaceae Lindl.) Фломис туысы (Phlomoides L.), таулық фломис (Phlomoides oreophila (Kar. et Kir.) Adyl.) - өсімдігі Азиаттық ареалда таралған. Бұл туыстың 100 – ге жуық түрлері бар. Совет Союзы территориясында 49 түрі, олардың көпшілігі Орта Азияда (37) соның ішінде 30 эндемикалық, қалғандары СССР – дің Европалық бөлігінде, Қавқазда, Батыс Сібірде және Қиыр Шығыста кездеседі. Батыс Сібірде, Алтайда, Орталық Азияда: Жоңғар – Тарбағатай, Памир – Алтай, Тянь – Шан тауларының ормандыдала – орман белдеулерінен субальпі белдеуіне дейінгі аймақтарында көптеп кездеседі. Қазақстан өңірінде: Зайсан, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы мен Іле, Күнгей Алатауының және Кетпен, Терскей Алатауларының орманды дала және орман белдеулерінен бастау алып, субальпі белдеуінің тасты, шалғындықты беткейлеріне дейін кеңінен таралған [5,6].



Keywords
онтогенез, моноподиальды даму

References

Advanced Search


Announcements

    Kasım ayı sayımız 30 kasım tarihinde çıkacaktır.

    OCAK 2021 de yayınlanacak olan sayımız için makale yükleyebilirsiniz


Address :Sağlık 1 Sokak, Kader Apt. No45/10, Çankaya/ANKARA
Telephone :+905531627010 Fax :
Email :atlasjournaleditor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri