Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ЖАСТҮРІКТЕРДІҢ БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

Жастүріктердің «Бірлік және Даму» партиясы билік басына келген соң бағдарламалық құжаттарында халық ағарту мәселелерін қарастырды. Көптеген газеттік мақалалар мен кітапшаларда халық ағартуды жан-жақты дамыту жөнінде ойлар айтылып, халықтың санасына сіңіру себептері көрсетіле бастады. Жан-жақты дамудың басты қаруы ретінде халық ағартуды дамыту идеясы осы кезеңде түрік зиялыларының арасында кең таралып, жастүріктер үкіметі бастауыш мектептермен бірге толық емес орта мектептерді дамытуға көңіл бөле бастады. 1910 ж. мектептердің бағдарламаларын қайта қарау жөніндегі комиссия құрды. Идадие мектептерінде бастауыш мектептердегі сияқты білікті мұғалім кадрлар жетіспеді. Яғни, Түркияда мектеп бағдарламалары дәстүрлі мұсылмандық мектептерден қол үзе бастағанымен, мұғалім кадрлардың тапшылығы айқын сезіле берді. Бірқатар ірі қалаларда, уәлаят орталықтарында идадие мектептерінің базасында лицейлер ашу қолға алынды. Жастүріктердің 1908 ж. революциядан соң мектеп ісінде атқарған шаралардың бірі қыздарды оқыту мәселесіндегі жетістіктерді айтуға болады. Жастүріктер революциясына дейін мұсылман қыздары тек бастауыш білім алуға құқылы болғандығын ескерер болсақ, онда реформаның әйел теңдігі мәселенің түбегейлі шешуге бағыт алғандығын аңғаруға болады. Білім беру ісіндегі жастүріктер үкіметінің реформалары университет саласын да қамтыды. Революциядан соң іле-шала университеттердің факультеттерінің жаңа бағдарламасы жасалды және ол оқу бағдарламалары біліктілігін көтеретін жаңа пәндермен толықтырылды. Революциядан кейінгі кезеңдерде университеттер өз студенттерін Еуропаға тәжірибеден өтуге жібере бастады. Осылайшы мектеп жүйесін кадрлармен қамтамасыз етуге 1908 жылдан кейін кең түрде көңіл бөліне бастады. Стамбулда педагогикалық оқу орындарының көптеп ашыла бастауы жаңа үлгідегі мектептердегі кадр тапшылығы мәселесін біршама шеше алды.



Keywords
Түркия, жастүріктер революциясы

References

Advanced Search


Announcements

    20 KASIM 2021 de yayınlanacak olan sayımız için makale yükleyebilirsiniz


Address :Sağlık 1 Sokak, Kader Apt. No45/10, Çankaya/ANKARA
Telephone :+905531627010 Fax :
Email :atlasjournaleditor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri