Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Туризмнің дамуы халықаралық экономиканың ең басты динамикалық салалары ретінде әлемдік деңгейдегі өзекті мәселе. Мақалада Қазақстандағы туризмінің қалыптасуы мен туризмнің басты бағыттары су, шаңғы, вело, авто, танымдық, емдеу – сауықтыру, діни қажылық туризм түрлерінің даму тарихы, табиғи ландшафттар мен көрікті аймақтарды қорғау, экологиялық ластанудың алдын алу мәселелері мен еліміздегі туризмді дамыту бағыттары қарастырылды. Қазақстанның көрікті аймақтары мен табиғат байлықтары ертеден ақ әлем назарын өзіне аударған болатын. Қазақстан табиғаты туралы мәлімет б.э.д. ІІ ғасырда Птолемейдің қолжазбаларында айтылған. ”Тарихтың атасы” Геродоттың кітабында б.э.д. 459 ж Қазақстанның табиғаты сиппатталған. Қазақстанның жері туралы мәлімет 628 ж Қытай саяхатшылары Чан-Чунь, Сюань-Цзань қолжазбаларында көрсетілген. VI ғасырда араб саяхатшылары Батыс Қазақстан аймағына саяхат жасау арқылы Арал теңізі, Каспий теңізі туралы мәлімет жазған. Орта ғасырда итальян саяхатшылары Марко Поло, Плоно Карпини, Рубрук Орта Азияға, Қазақстанға саяхат жасады және қазақ жері туралы көптеген мәліметтер қалдырды. 1731 жылы Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылу нәтижесі Ресей саяхатшы ғалымдарының Қазақстанды зерттеу туралы армандарының жүзеге асырылуына мүмкіндік берді. XVIII ғасырда І Петр Түркістан аймағының табиғатын зерттеу туралы экспедиция ұйымдастырды. Қазақстанға саяхат ұйымдастыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу XVIII- XX ғасырлар арасында жоғарғы деңгейде дамыды. XX ғасырда Қазақстан жерін зерттеу арқылы көрікті аймақтарын анықтау, осыған орай туризм бағыттарын жандандыру жұмыстары қолға алынды.



Keywords
туризм, ландшафт, тарирекреация, тұрақты даму

References

Advanced Search


Announcements

    20 KASIM 2021 de yayınlanacak olan sayımız için makale yükleyebilirsiniz


Address :Sağlık 1 Sokak, Kader Apt. No45/10, Çankaya/ANKARA
Telephone :+905531627010 Fax :
Email :atlasjournaleditor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri