Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІКМЕН ӘДЕБИЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫН ДӘУІРЛЕУ ҮЛГІЛЕРІ

Түркі халықтары әдебиеттерінің тарихын дәуірлеу мәселесі соңғы жылдарда қолға алынып, біршама деңгейде қарастырылуда. Аталған тақырып әр елдердегі бірқатар зерттеулердің нысанасына айналып үлгерді. Осы тұрғыда түркі тілдес ұлттың сөз өнерінің ежелгі бастауларын, бүгінге дейін жүріп өткен жолын, өзіндік даму үрдістерін, бағыт-бағдарларын жан-жақты байыптаудың маңызы зор болмақ. Бұл мақала осы міндетті іске асыруды көздейді. Ол үшін белгілі бір елдің рухани құндылықтарын түркі халықтарының ортақ әдебиетінің тарихы ауқымында саралау қажет. Сонымен қатар, сол ұлт әдебиеті дамуының өзіндік ерекшеліктерін назарға алған жөн. Түркі дүниесінде айтарлықтай орны бар қазақ және түрікмен әдебиеттерінің тарихын дәуірлеу мәселелеріне осы ұстаным негіз болды. Түбі ортақ, тілі ұқсас түркі жұртының бұтақтары – қазақ пен түрікмен әдебиетінің тарихында ортақ желілер баршылық. Осыған орай зерттеуде ежелгі дәуірден бастау алатын, екі елде бірдей таралып, қазақ пен түрікменнің төл мұрасына айналған әдеби ескеркіштерге сипаттама берілді. Сан ғасырлардан жалғасып келе жатқан әдеби процестер мен әдеби дәстүрлердің сабақтастығы жөнінде ой қозғалды. Тарих бедерінен өзінің негізін іздейтін түркі халықтарының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің озық үлгілері мен ерекшеліктері жөнінде айтылды. Елдің рухани құндылығы, мәдениеті мен өнері сол ұлттың төл тарихымен бірге дамитыны хақындағы мәселелер де қамтылды. Бұл мақалада қазақ және түрікмен әдебиеттерінің тарихын дәуірлеу мәселесі жан-жақты қарастырылған. Зерттеуде түбі бір түркі халықтарының даму тарихындағы ортақ белгілер назарға алына отырып, екі елдің әдебиеттерінің ілгерілеу жолдарына тиянақты талдау жасалған. Қазақ және түрікмен сөз өнерінің өзіндік ерекшеліктері, ұлттық үлгілері атап көрсетілген. Автор әдебиет тарихын дәуірлеудің қалыптасқан дәстүрлі әдістемелеріне қоса тарихи-генетикалық және типологиялық факторларды ескеру қажеттігін еске салады. Гносеологиялық және өңірлік маңызы бар мәселелер тұрғысынан әдеби процестердің даму заңдылығына үңіледі. Сонымен қатар, қазақ және түрікмен әдебиеттеріне ортақ тұлғалар мен белгілі шығармалар жөнінде жеткілікті мәлімет берілген.



Keywords
қазақ пен түрікмен, әдебиет тарихын дәуірлеу

References

Advanced Search


Announcements


Address :Sağlık 1 Sokak, Kader Apt. No45/10, Çankaya/ANKARA
Telephone :+905525600591 Fax :
Email :atlasjournaleditor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri