Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


СИНТАКСИСТІК СИНТАГМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада тіл бірлігі болып саналатын сөздің тіл иесі халықтың әлем, дүние туралы білімдерін жинақтаушы, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші когнитивтік қызметі мен сөйлемнің сөйлеу бірлігі ретіндегі коммуникативтік қызметі анықталып, тілдің басты бірлігі – сөз емес, сөйлем екені анықталады. Синтаксистің негізгі зерттеу объектісі - сөйлем, мәтін екені нақтыланып, осы синтаксистік бірліктердің коммуникативтік қызмет атқаруына арқау болатын категория синтаксистік синтагма болып табылатыны туралы талданады. Синтагманың басты ерекшелігі сөйлем құрамындағы сөздер мен мәтін құрамындағы сөйлемдердің семантикалық мазмұнға ие болуы, соның нәтижесінде ақпарат адамдарға жететіндігі мысалдар арқылы сараланып, оған лингвистикалық тұрғыда талдау жасаудың жолдары анықталады. Синтагма – сөйлеу бірлігі, құрылымдық, мағыналық, интонациялық жағынан байланысқан сөздер тобы, сөйленімнің(речь) құрылуы мен тыңдаушыға жетуіне қызмет атқаратын сөйлеудің құрылымдық-мағыналық фрагменті ретінде қарастырылады. Адресанттың сөйлеу мақсатына байланысты ақпарат мазмұнын айқындайтын синтагматикалық қатынастың түрлері де анықталады. Тіл бірлігі ретіндегі жеке тұрған кез келген сөз синтагма құрамына енген кезде сөйлеу бірлігіне айналады, жағдаятқа байланысты мағынасы нақтыланады. Бұл құбылыс мақалада синтагманың ең басты белгісі ретінде қарастырылады. Синтагма компоненттері бір- бірімен мағыналық та, синтаксистік те, интонациялық та байланыста болатындығы дәлелденіп, синтагманың семантикалық, синтаксистік, интонациялық сияқты үш жағы бар деп қарастырылады. Сөйлемнің интонациялық ерекшелігіне қарай интонациялық синтагма түрлері сараланып, олар таныммен, коммуникациямен, ақпарат мазмұнымен тікелей байланысты лингистикалық категория ретінде танылады.



Keywords
синтагма, сөйлеу бірлігі

References

Advanced Search


Announcements

    20 ŞUBAT 2021 de yayınlanacak olan sayımız için makale yükleyebilirsiniz


Address :Sağlık 1 Sokak, Kader Apt. No45/10, Çankaya/ANKARA
Telephone :+905531627010 Fax :
Email :atlasjournaleditor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri