Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТУРИСТІК НАРЫҚ

Туризм — бүкіл әлемдік құбылыс. Қазір туристерді кабылдамайтын, туристерін саяхатқа жібермейтін ел жоқ. Рекреациялық ресурс барлық жерде бар, оның деңгейі экономикалық теорияға сәйкес сұранысқа қарай анықталады, ол өз ретінде елдің туризм бойынша шығыны мен табысын белгілейді. Бұның барлығы статистика арқылы көрсетіледі, яғни нақты туризм туралы мәліметтер, оның құрылымы туралы анықтамалар. . XX ғасырдың 80-ші жылдары батыс Еуропаның мемлекеттерінің туристік сұранысында жаңа тенденциялар пайда болды. Олар экономикалық және әлеуметтік факторлар тұрғысынан туындады, сондай-ақ казіргі адамдардың психологиясының өзгеруімен де байланысты еді. Туристік тұтынушылықтың құрылымына басты әсерін тигізген экономикалық жағдайдың нашарлауы болды. Индустриясы дамыған елдердегі тоқырау жұмыссыздықтың санын көбейтті. Сонымен қатар негізгі туристік қызметті пайдаланушыларға - қоғамның орта буынына да әсерін тигізді, олар бос уақытын дұрыс пайдаланудың жолдарын іздеуге мәжбүр болды. Осындай жағдайда туристік қызметтің потенциалды тұтынушыларының шеңберінің кеңеюі бірінші тенденция болып табылады. Халықаралық туризмнің екінші тенденциясы - егде адамдардың туристік сұранысының кеңеюі. Солардың ішінен толығырақ зейнеткерлік жасқа тоқталық, өйткені егде адамдар жиі туристік белсенділік көрсетеді. Зейнеткерлік жас дамыған елдердің көбінде 60-65 жас аралығында болады. Экономикалық төмендеуге байланысты кейбір өндіріс орындары қаражат дағдарысына ұшырады, сондықтан да 60 жасқа толған адамдарды да, толуға таялғандарды да зейнеткерлік демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Бұлар нағыз мықты, үнемі қозғалыстағы адамдар, олардың бос уақыты мол және сапар шегуге әр уақыттада дайын болды. Олар ішкі және халықаралық туризм нарқының дамуына өз үлестерін қосты.



Keywords
Халықаралық Туризмнің, Ерекшеліктері Және Туристік Нарық

References

Advanced Search


Announcements


Address :Taras Shevchenko National University Volodymyrska St, 60, 01033 Kyiv/Ukrayna
Telephone :+90 539 673 66 66 Whatsapp Fax :
Email :atlasjournal.net@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri