Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГОМОГЕНДІ ОМОНИМДЕР: ДӘСТҮР МЕН ДҮНИЕТАНЫМ

Мақала қазақ тіліндегі сөз мағынасының дамуына әсер ететін факторларды қарастырады. Сөз мағынасы күрделі әрі өзінің даму заңдылығына ие құбылыс болса, даму заңдылығы халықтың өмірі мен дүние-танымымен тікелей байланысты екен. Сөз мағынасының даму барысын анықтауда этнологиялық, мифологиялық, лингвистикалық және фольклор зерттеулерінің берер көмегі зор. Халықтың тілі – баға жетпес қазына, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан асыл мұра. Тілсіз халық, халықсыз тілдің өздігінше өмір сүруі мүмкін емес. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласының өркендеуіне үлес қосқан ғалымдардың бірі-Ә. Қайдар: “Этнос пен оның тілін этнолингвистикалық тұрғысынан қарастыру деген сөз, оның сонау балаң кезінен есейгенге дейінгі барлық болмысы мен өмір-тіршілігін, дүние-таным мен мәдени, рухани байлығын ана тілімізде сақталған фактілер мен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игілігіне асыру болып табылады”-дейді. Күнделікті өмірімізде қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып жүрген тіліміз көзге көрінбейтін сан алуан қасиеттерге бай құбылыс болып табылады. Өйткені, ол ең алдымен өзінің бойына халықтың дүние-танымы, психологиялық ерекшеліктері, мәдениеті секілді құндылықтарды сіңіруші әрі ұлттық сипатқа ие қазына. Өз ретінде, тілдің ұлттық сипаты дегеніміз белгілі бір этностың ішкі болмысын көрсететін ұлттың рухына да апаратын бірден бір жол. Тіліміз бізге қазақ халқының тарихын танытатын категория болуымен аса бағалы. Мақала тілдің ұлттық нақыш- бояуын көрсетуші қасиетін көрсететін нақты тілдік деректерге- гомогенді омонимдердің пайда болуына әсер еткен мәдени, этнолинвистикалық уәждемелер жайында баяндайды.



Keywords
этнолингвистика, гомогенді омонимдер

References

Advanced Search


Announcements


Address :Taras Shevchenko National University Volodymyrska St, 60, 01033 Kyiv/Ukrayna
Telephone :+90 539 673 66 66 Whatsapp Fax :
Email :atlasjournal.net@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri