Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


АДАМ САНАСЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

Қазіргі заман адамы өз іс-әрекетін сезінуге, оған жауапкершілікпен қарауға, әр қадамын (ой өрісін) саналы түрде басқаруға және күтілетін нәтижені алдын-ала болжап, жетістікке ұмтылуға барынша ынталы болуы тиіс. Бұл – өзгермелі әлемдегі табыстылық шарты. Ал оған жетелейтін мүмкіндік – ішкі әрекет, яғни ойдың – амалға ауысуы. Сананың сәулеленуіне әкелер қарапайым жол – ниет тазалығы. Ниеті таза адам өз санасын сәулелендіре алады. Сәулелі сана иесі көптің ниетін тазарта алады. Ал бұл екеуінің де астарындағы негіз – тілек. Адам баласына бұйыртылған нығметтердің барлығы тілектің күшімен жүзеге асады. Қауым болып тілеген тілектің әсер ету қуаты зор. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінде мұны айғақтайтын мысалдар өте көп. Мәселен, «жеті күлше тарату», «тасаттық беру» дәстүрлері. Тілекті бір мезгілде, жаппай (көпшілік болып) тілеу – оның әлеуетін арттырып, орындалуын жылдамдатады. Оған ислам әлеміндегі намаз уақыты, «жұма намазы», «қажылық» ғибадаты, Крайон ченнелингтері, дәрігер С.С.Коноваловтың «сырттай сауықтыру сеанстары» т.б. мысал бола алады. Халқымызда «шын жыласа – соқыр көзден жас шығады» деген нақыл бар. Мұның мәнісі шын ниетіңмен, барынша қалау дегенге саяды. Оның астарындағы ұлы күш – сенім. тілегің үшін тәңіріңе қанша жерден жалбарынсаң да, оның орындалуына сенбесең, бар күшің зая кетеді. Сондықтан, тілек тілеуге жұмсалатын уақыт пен әлеуетке қоса, сенім қажет. Бүкіл болмысың, жан-дүниең, сеніміңмен беріле тілеген тілектің орындалуы шапшаң. Тілекті дұрыс тілей білу шарт. Оны тілек тілеу сауаты деп атаймыз. Сауатты тілек толық болады. Ең әуелі тілекті нақтылау қажет. Ол қолжетімді, орындалуы айқын әрі өлшенетіндей болуы шарт. Екіншіден, әр нәрсенің мерзімі, уақыты болады. Оны ашып көрсету керек. Үшіншіден, тілек тілеу әдебін ұстанған жөн. Сіздің тілегіңіз ешкімге зиянын тигізбейтіндей, өмір талаптары мен кеңістік заңдарына қайшы келмейтіндей болуы қажет. Олай болмаған жағдайда адам келеңсіздіктердің шырмауына оратылуы әбден мүмкін. Тілек мақсаты жақсылық дәнін себу; өсу, өркендеу, даму, гүлденуге бағытталу; жеңіс, бақыт, шаттыққа негізделуі шарт. Сондықтан, тілек тілегенде жағымды жағдайды тілеңіз және «тек», «тек қана» сынды шектеулерден арылыңыз. Төртіншіден, болымсыз есімдіктен аулақ болу, оларды мүлдем қолданбау. Басталмастан жатып болмысыңа шектеу қояр тілек кісіні қуантудың орнына қынжылтады. Себебі ауыздан шыққан әрбір сөздің әуелгі мағынасы маңызды! Тілек тілеу сауатын игеру нәтижесінде тұлғаның жауапкершілігі күшейіп, әрбір іс-әрекетін саналы түрде басқара алатын болады; өзіндік дамумен қатар, айналасына оң ықпал ету қабілеті артады. Әр жеке сананың сәулеленуі негізінде қоғамдық сана кемелденеді. Сонымен, адам санасын жаңғыртудың заманауи психологиялық құралдары ретінде, ниет тазалығы, жауапкершілікті сезіну, оң тілек және өз құдыреттілігіңе сенім сынды категорияларды қарастырдық. Олардың әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты, әрі біріне бірі жалғасып, адамды тазалыққа, мейірімге, бақыт пен бақуаттылыққа кәміл жетелейтін кемел қасиеттер



Keywords
сана, рух, ниет, тілек, таным

References

Advanced Search


Announcements


Address :Taras Shevchenko National University Volodymyrska St, 60, 01033 Kyiv/Ukrayna
Telephone :+90 539 673 66 66 Whatsapp Fax :
Email :atlasjournal.net@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri